22 қараша күні Оңтүстік Қазақстан облыстық "Отырар" ғылыми-әмбебап кітапханасында"Туған жерді түлеткен азаматтар" атты жергілікті кәсіпкерлермен кездесу кеші өткізілді. Кешке бизнес және басқару мамандығын таңдаған студенттер, еліміздің экономикалық әлеуетін көтеруге атсалысып отырған "Назар текстиль" ЖШС басшылары, атап айтқанда Карлыгаш Ауезханкызымен "Отандық өнім - ел игілігі" атты кездесуге: аталмыш кәсіпкер, оның ата- анасы, отбасылық кәсіпкерлікте демеу болған ағайындары, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті басшысы профессор Әбубәкіров Сағынғали Сандыбайұлы, сонымен қатар «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы атынан Батырбеков Қаныбек Полатұлы қатысты. Кездесуде Карлыгаш Ауезханкызы өмірбаянын, бизнестегі қиыншылықтарын, қайсарлығын, жаңалықтарға әуестігін, ата - ана қадірін, ағайын, дос- жарандарының қолдауын әңгімелеп берді. Өз кезегінде Сағынғали Сандыбайұлы кез - келген кәсіпкерліктің мамандықпен ұштасатынын жастарға ескертті. КҚКО атынан бизнес- тренер Қаныбек Полатұлы жастарға мамандық таңдағанда қажетті дағдылар мен Ұйымның қызметімен таныстырып өтті. Кеш соңында кітапхана басшылары ұйымдастырған балалар өнері: өлеңдер мен тақпақтар айтылды. Сонымен қатар қонақтарға арнайы кітапханамен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.